Бүгін Шардара қаласының тұрғындарымен "АMANAT" партиясының ұйымдастыруымен облыс орталығынан үгіт-насихат тобы келіп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы 8 қыркүйекте жарияланған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын қолдау мақсатында кездесу өткізді. Сонда өз пікірімді білдіріп баяндама жасадым. Бұл жолдауда еліміздің алдағы даму бағыты, оның ішінде цифрлық технологиялар мен адам капиталын дамыту мәселелері басты назарға алынды. Цифрлық жаңғыру - тек экономиканы емес, адам капиталын да жетілдірудің басты құралы. Сондықтан мемлекет алдында жаңа міндеттер, ал қоғам алдында жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Цифрлық жаңғыру адам капиталына нақты міндеттер жүктейді. Білім беру саласын жаңарту - расында да адам капиталын дамытудың негізгі. Цифрлық білім - болашақтың кілті. Технологияны игерген - әлемді игереді.