Мектеп парламенті «Тоқсан үздіктері» атты байқаудың басталуын жариялайды. Байқауға 7-10 сыныптар қатысады. Байқау ережелері: 1. Бекітілген мектеп формасын үнемі сақтау; 2. Мектептегі іс-шараларға белсенді қатысу; 3. Сынып ұйымшылдығының байқалуы; 4. Іс-шараларға көрермен ретінде толық қатысу; 5. Сабаққа кешікпеуді қадағалау; 6. Сабаққа күнделікті оқушының толық қатысуы; 7. Пәндік үлгерімдері жоғары болу; Байқау нәтижесінде тоқсан соңында сыныптар арнайы номинациялармен марапатталып, өздерін ерекше қырларынан көрсеткен сынып «Тоқсан үздігі» атанады. Басталуы: 05.11.2025ж. Аяқталуы: 25.12.2025ж. Мектеп оқушыларынан байқауға белсене қатысуын сұраймыз!






