«Дарын» РҒПО мен «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оку-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, 2025 жылдын 29-30 қазан аралығында Талдықорған қаласы №27 орта мектеп-гимназиясы базасында білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Өткеннен болашаққа: Тарихты жасанды интеллект арқылы зерттеу» такырыбында республикалық семинар өтті. Семинар аясында өткен «Олимп шыңы» Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиадасында мектеп-интернатымыздың тарих және құқық негіздері пәні мұғалімі Жұмабеков Оңғарбек Тәттібекұлы жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Әріптесіміз Оңғарбек Тәттібекұлын шын жүректен құттықтаймыз! Семинар максаты: - Қазақстан тарихы мен дүниежүзілік тарихты оқыту үдерісінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру; - тарихи деректерді талдау мен интерпретациялаудың заманауи әдістерін меңгеру; - білім беру сапасын жетілдіруде инновациялық технологиялардың рөлін айқындау; - жас ұрпақтың сыни ойлауын, зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал ететін жаңа тәсілдерді педагогикалық тәжірибеге енгізу.