«Ата - аналармен жұмыс күні». Әлеуметтік педагог - Исаев Бағлан «Жарақаттаушы сөздерден-емдеуші сөздерге» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды. Ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынаста сөздердің күшін, оның баланың психикасына әсерін түсінуін арттыру және жарақаттаушы сөздерді емдеуші сөздерге ауыстырудың тәсілдерін және сөйлеу мәдениетінің қаншалықты маңызды екенін түсіндіруге бағытталған.