2025-2026 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие жобасы аясында 20-қазан күні мектеп-интернаттың 7-11 сынып білім алушы қыздарымен «Анаға қарап – қыз өсер» тақырыбында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектепішілік “Сымбат” қыздар кеңесінің жылдық жоспары бойынша қыздар жиналысы дәстүрлі жаңа форматта аналармен сыр-сұхбат жүзінде өтті.
Сыр-сұхбатқа 7-10 сынып білім алушы қыздарының 8 анасы шақырылып, қыздарымыз аналармен сыр-сұхбат жүргізіп, өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, кездесу еркін атмосферада өтті.
Рухани кездесу барысында бір үйдің ұйытқысы болып отырған аяулы аналарымыз қыздарымызға өз өмірінен мысал келтіре отырып, ақыл-өсиетін айтты, өздерінің балғын балалық шағында аналарынан, әжелерінен алған үлгі-өнегелерін сөзге тиек етіп, қыздарымызға кеңестерін айтып, көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.
Мақсаты: Оқушыларға ананың отбасындағы рөлін ұғындыру, аналар мен қыз балалар арасындағы мейірім мен сыйластықтың маңызын көрсету. Қыз бала бойындағы инабаттылықты, ізеттілікті, ананы құрметтеу сезімін қалыптастыру. Анаға деген сүйіспеншілік пен алғыс сезімін ояту арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, отбасылық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.