Абай мұрасын дәріптеу - рухани жаңғырудың басты мақсаты Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған апталық жоспарына сәйкес мектеп - интернатымызда 25 - қыркүйек күні «Желсіз түнде жарық ай» тақырыбында кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: - Оқушыларға әр ұлттың тілі мен мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру; - Мемлекеттік тілдің маңыздылығын дәріптеу, оны кеңінен қолдануға ынталандыру; - Шет тілдерін оқуға қызығушылық тудыру, тілдік құзыреттілікті арттыру; - Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу, өз ойын еркін жеткізуге үйрету; - Ұлттық бірлікті нығайту, достық пен татулықты насихаттау; Бұл кештің тақырыбы - Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық ай» әні. Бұл кеш оқушыларға рухани тәрбие беріп, ұлы ақын мұрасының мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұлы ойшылдың 180 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған бұл шарада оқушылар Абай мұрасын дәріптеп, оның шығармалары арқылы ұлттық рухани құндылықтарға құрмет сезімін арттырды.