Мектеп-интернатымызда 23 - қыркүйек күні “Дін және қоғам” бағытында “Ата - ананы құрметтеу” тақырыбында Шардара ауданның бас имамы Асанов Марат 7 - 10 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында облыстық дін істері басқармасымен арнайы дайындалған бейнематериалдар көрсетіліп, оқушыларға діни радикализмнің қауіптілігі мен салдары жөнінде түсінік берілді. Мақсаты - оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамға жат ағымдардың зиянын түсіндіру және ақпараттық қауіпсіздікті нығайту.