Мектеп-интернат кітапханасының ұйымдастыруымен "Жергілікті ақындар - ел руханиятының шырақшылары" атты тақырыпта, жергілікті ақын, ардагер ұстаз Нұрғали Ибрайымов мырзамен рухани, сыр - сұхбат кеші өтті.
Бұл әдеби кешке қонақтар, ұстаздар және  жатақхана оқушылары қатысып, ақынның өмірбаянымен, шығармаларымен танысты.
Ақын Нұрғали Ибрайымов,жүрегінің түбінен туған өлеңдерін оқып, оқушылардың  көкейлеріндегі сұрақтарына жауап берді. Оқушыларда ақынға  ән-күй, жыр шумақтарын арнады.
Ақынмен сыр - сұхбат кеші өте әсерлі өтті. Кеш соңында мектеп- интернаттың әкелер кеңесінің төрағасы Тасыбеков Тоқсанбай ағай, мектеп-интернат директоры Қанайбекова Баян Турехуловна сөз алып, алған әсерлерімен бөлісіп, ақынға алғыс айтты. 
Мақсаты: -жергілікті ақын- жазушыларды дәріптеу;
- оқушылардың туған жерге деген  патриоттық сезімдерін арттыру.