Бүгін мектеп - интернат қабырғасында 10 - сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау іс - шарасы өтті. Салтанатты жиын ұйымдастырушы - педагог Құрышбеков Қуандықтың жетекшілігімен ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Мектебіміздің белсенді оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері атанып, “Ант” қабылдау рәсімінен соң ұйымның мақсат - міндеттері мен ережелерімен таныстырылып, ту түстес галстуктерін мектеп-интернат директоры Канайбекова Баян Турекулқызы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Маханбетова Ақмарал Жандарбекқызының тағуы есте қаларлық көрініс болды. Мектеп - интернат директоры Канайбекова Баян Турекулқызы өз сөзінде оқушыларды ұйымға өтуімен құттықтап, алдағы уақытта мектеп - интернат өмірі қарқынды дамитынына сенім білдіре отырып, ұйым мүшелеріне аса үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыстарында сәттілік тіледі. Жалпы аталмыш іс - шара оқушыларға ұмытылмастай әсер қалдырып, жоғары деңгейде өткізілді.