16-қазан күні мектеп-интернатымызда 25 қазан - Республика күніне орай 7-10 сынып арасында “Толағай” отбасылық-спорттық сайысы өтті.
Сайысқа 7-10 сынып оқушылары ата-аналарымен қатысып, 6 турдан тұратын спорттық шарада бақ сынады.
Әр топ жоғары белсенділік пен шапшаңдық танытып, сайыс қызықты өтті.
Сайысты мектебіміздің оқушыларымен қатар, ата-аналар да тамашалай алды. Әділқазылардың шешімімен барлық командалар номинация және І,ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.
Мақсаты: - оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу;
- отбасы құндылықтарын ұлықтау;
- ұжымда белсенді жұмыс жасауға тәрбиелеу;
- ата-аналарды балалардың мектептегі өміріне белсенді қатысуға шақыру.






