Мектеп - интернатымызда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 19 - қыркүйек күні кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Мектептің ұстаздары мен кіші қызметкерлері мектеп ауласында және мектебімізге тиесілі ауданда тазалық жұмыстарын жүргізді. Акцияның басты мақсаты: - қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету; - азаматтық жауапкершілікті арттыру; - экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту; - қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру.