2025 - 2026 оқу жылының 14 - қыркүйек күні мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымына президентікке үміткер оқушылардың сайлауалды бағдарламалары ілінді. 18 - қыркүйек күні үміткерлердің бағдарламалары тыңдалып, мектеп ұстаздары мен оқушылары тарапынан дауыс берілді. Дауыс беруге барлық оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. 10 «А», «Б» сыныптарынан 5 үміткер қатысып, нәтижесінде 10 «А» сынып оқушысы Абдразак Жігер 115 дауыс жинап, өзін - өзі басқару ұйымының президенті атанды. Барша қатысушыларға және үміткерлерге алғысымызды білдіреміз. Үміткерлер мен жаңа мектеп президентін құттықтай отырып жаңа оқу жылы сәтті болуына тілектеспіз. Керімбек Тоғжан - 92 дауыс Абдулла Назерке - 30 дауыс Батырбек Иса - 25 дауыс Қоңырбай Бекбол - 6 дауыс