12 қыркүйек күні мектеп - интернатамызда “Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы” тақырыбында мектепішілік ата - аналар жиналысы өтті. Жиналысқа: Мектеп-интернат директоры - Б.Т.Канайбекова; Мектеп - интернат директорының ТІЖО - А.Ж.Маханбетова; Интернат меңгерушісі - Р.А.Сматова; Учаскелік полиция капитаны - М.Дүйсенов; Мектепішілік әкелер кеңесінің төрағасы - Т.Тасыбеков; Е-асхана диетолог маманы қатысып, 2025 - 2026 оқу жылындағы мектеп-интернаттың жоспарымен таныстырып, өзгерістер туралы айтып, бала қауіпсіздігі жайлы сөз қозғап, әр саланы қамтып өтті.