13 қазан күні мектеп-интернатымызда 7-10 сынып оқушылары арасында күзгі жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге оқушылар қолдан пісірген тағамдар әкеліп, әр сынып жәрмеңке үстелін күзгі тақырыпқа байланысты әрлеп, жәрмеңке көтеріңкі көңіл-күйде өтті.
Мақсаты: - оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру;
- эстетикалық талғам қалыптастыру;
- еңбекқорлыққа, ұжымда жұмыс жасауға тәрбиелеу.