КР Оку-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XVIII Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты «М. Әбенова атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-сі базасында өтті.
Аталмыш білім сайысына мектебіміздің 2026 жылғы түлегі 11”Б” сынып оқушысы Мұсабек Альтайр қатысып, тартысты да қызықты өткен бұл додада жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып І орынды иеленді.
«Президенттік олимпиада - бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға көмектесетін және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін бірегей жоба. Олимпиаданың басты идеясы - патриоттық рухты, мықты, интеллектуалды, жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу, жаратылыстану-математика ғылымдарын тереңдетіп оқыту. Сайыстың көптеген жеңімпаздары мен жүлдегерлері университеттерде оқуын аяқтағаннан кейін еліміздің әртүрлі салаларында еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүр.
Жетекші ұстаздарымызды, Альтайрды және ата-анасын осы бір жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, Республикалық кезеңде де жеңіс тілейміз!