27 тамыз күні мектеп - интернат қабырғасында жаңа оқу жылына арналған №1 «Білім беру ұйымының 2025 - 2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты: - мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету; - 2025 - 2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау. КҮН ТӘРТІБІ 1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары туралы. 2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы. 3. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы.