8 қазан мектеп-интернатымызда “Денсаулық-зор байлық” тақырыбында салауатты өмір салтын ұстану мақсатында спорт күні болып өтті.
Осыған орай мектеп-интернат ұжымы арасында волейбол ойыны ұйымдастырылып, әр бірлестіктен 6 команда құралды.
Тартысты да қызықты ойын нәтижесі бойынша жеңіске жеткен командаларға І, ІІ, ІІІ орын беріліп, кәсіподақ атынан сыйақы тағайындалды.
Ойын өте қызықты өтіп, ұжым мүшелеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады






