Қазақтан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай ұйымдастырылған “Тілім менің аманат болған ғасырдан” тақырыбындағы онкүндік өз мәресіне жетті. Іс-шара жоспарына сәйкес, мектеп-интернатымыздағы әр бірлестік онкүндікке белсене қатысып, оқушыларымыздың мектеп қабырғасындағы өмірі тәрбиелі де тағылымды, қызықты сәттермен толықты. Онкүндік қорытындысы бойынша іс-шараларға белсенді қатысқан сыныптар мен оқушылар мектеп-интернат директорының алғыс хаттарымен марапатталды. #ШардараДарын






