25 қыркүйек күні мектеп-интернат кітапханасының меңгерушісі Э.Тәжібектің ұйымдастыруымен “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “20 минут кітап оқы да, түсінік айт” тақырыбында іс - шара өтті. Аталмыш іс-шараға мектеп-интернаттағы әр әдістемелік бірлестіктен мұғалімдер қатысып, өздері оқыған қазақ және әлем әдебиеті кітаптарынан түсінік айтып, әр кітап желісі өзара талқыланып, жаңа тың мағлұматтармен алмасып, ой бөлісті. Әр мұғалім өздері оқыған кітаптардан ойтүйін жасап, көпшілікке осы кітаптарды оқуға кеңес берді.






