4 - қыркүйек күні мектеп-интернатымызда 2025-2026 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, мектеп - интернаттың 7-11 сынып білім алушы қыздарының қатысуымен “Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа: Мектеп - интернат директорының ТІЖО - А.Ж.Маханбетова; Мектеп - интернаттың психологы - Г.Қ.Жәдігер; Мектеп-интернаттың медбикесі - А.Бердібекова Мектеп - интернаттың “Сымбат” қыздар клубының жетекшісі - Р.С.Тургинбаева қатысты. Жиналыс барысында: 1. Мектеп - интернаттың “Сымбат” қыздар клубының төрайымы сайланды; 2. Мектеп - интернаттың 2025-2026 оқу жылына арналған жоспармен таныстырылды; 3. 7 - сыныпқа келген оқушыларға ішкі-тәртіп ережесі таныстырылды; 4. Қыз баланың өмір қауіпсіздігі, жеке бас гигиенасы, тәртібі мен тәрбиесі мәселелері қарастырылды.
https://shardara-3mektepint.edu.kz/kz/zhanaly-tar/215-yz-bala-t-rbiesi-lt-t-rbiesi.html#sigFreeIdd3bfb045ac






