Мектеп-интернат тарихы

 

  Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы, мемлекеттік емес ұйымдар туралы, білім туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 ж. 24 мамырдағы №3002 Өкіміне сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімдігінің 2007 жылғы 26 қарашадағы №348 бұйрығымен Шардара ауданында «Шардара ауданының №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі ашылды.

 

 2015 жылдың 30 шілдедегі №224 қаулысының негізінде «Шардара ауданының №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  2014 жылғы 25 шілдедегі «Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелері және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары туралы» №238 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының №3 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

 

2016 жылдың сәуір айының 13-і күні  Оңтүстік Қазақстан облысының білім және жастар саясаты және тілдерді дамыту  басқармасының «Шардара ауданының №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

 

2018 жылдың шілде айының 13-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталынды.

 

2019 жылғы 5- ші қыркүйектен бастап  Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Шардара ауданының М. Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Мәулен Қалмырза атындағы №3  мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.