Мектеп-интернаттың Әнұраны
Сөзі мен әнін жазған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Түрік халықтары Жазушылар Одағының» мүшесі, «Қ.Иса атындағы жазушылар одағының» мүшесі, «Ы.алтынсарин төсбелгісінің» иегері Сламова А.
- Баспалдағын басып бүгін білімнің,
Тамыр жайған терең білім сепкені.
Аяулы ұстаз арқаларың сіздердің
Мектебімнің табысқа қол жеткені.
Қайырмасы:
Жасай бер Отаным, Отаным
Үлесімді өзіңе қосамын.
Дарынды ұл-қызың дәл бүгін,
Арнайды жүрекпен осы әнін.
- Шардараның маңдай алды мектебі,
Көріне алған көрсеткіш пен шын үлгің.
Атың дара Дарын менің мектебім,
Таңғы шықтай сенің таза жырыңмын.
Қайырмасы:
Жасай бер Отаным, Отаным
Үлесімді өзіңе қосамын.
Дарынды ұл-қызың дәл бүгін,
Арнайды жүрекпен осы әнін.
- Тасқа жазған тарихындай елімнің,
Атың қалды, асулардан көріндің.
Шардараның тұңғыш өнер мектебі,
Өнеріңді өнеге еттім, сен үлгім.
Қайырмасы:
Жасай бер Отаным, Отаным
Үлесімді өзіңе қосамын.
Дарынды ұл-қызың дәл бүгін,
Арнайды жүрекпен осы әнін.
- Кірпіш болып қалануға қамданып,
Арманменен артып жүрміз алға үміт.
Біз қазақтың көгіндегі күн болып,
Атсақ дейміз арайланған таң болып.
Қайырмасы:
Жасай бер Отаным, Отаным
Үлесімді өзіңе қосамын.
Дарынды ұл-қызың дәл бүгін,
Арнайды жүрекпен осы әнін.
Мектептің ұраны
Бүгінгі ұланбыз
Ертеңгі қыранбыз
Зор тұлға боламыз
Қияға қонамыз
Тасытып табысты
Тірілтіп барысты
Таңдантып алысты,
Игерем ғарышты






