Мен Канайбекова Баян Турехуловна 1986 жылы 1 маусымда ОҚО, Мақтаарал ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келдім. 1992-2003 жылдар аралығында Қоғалы ауылындағы Жолдасбек Сүлейменов атындағы №27 жалпы орта мектебін Үздік аттестатпен аяқтадым. 2003-

2007 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы «Отырар» университетінде оқып, Үздік Дипломмен аяқтадым.

2008 жылы Шардара ауданының дарынды балаларға арналған №3 мамандандырылған мектеп-интернатында үйірме жетекшісі болып қызмет бастадым.

2010-2012 жылдары оқу ісі жөніндегі орынбасардың хатшысы.

2012-2014 жылдары әлеуметтік педагог.

2014-2016 жылдары тарих пәні мұғалімі және бірлестік жетекшісі болдым.

2016-2023 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

2023 жылың 16 қарашасынан бастап Түркістан облысы білім басқармасының № 508 бұйрығымен Түркістан облысы білім басқармасының «Мәулен Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-нің директоры болып тағайындалдым.
Еңбек жолында білім басқармасының Алғыс хаттарымен, «Дарын» РҒПО-ның Құрмет Грамотасымен, «Дарын» РҒПО-ның 25 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен, «Республикалық Білім шыңы – Ғылым сыры» журналы редакциясының «Оқу мен тәрбие ісінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталдым.

Сұрақ қою

Security code
Суреттегі кодты енгізіңіз