29 қыркүйек күні мектеп-интернатымызда Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ұстаздар күніне орай ұйымдастырған 25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткізілетін “Ұстаз - ұлт шамшырағы” тақырыбындағы онкүндігі жоспарына сәйкес “Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы” атты караоке баттл ұйымдастырылды. Караоке баттл ережесі бойынша бір ұстаз бір оқушыдан құралған дуэттер 5 жұп болып, 2 тур бойынша караокеде ән айтты Турлар: 1. Еркін тақырыптағы ән 2. Патриоттық ән Баттл нәтижесі бойынша әділқазы алқалары дуэттерді әр түрлі номинациялармен марапаттап, сыйлықтар берді. Мақсаты: - әр балаға тәлім мен тәрбие, өнеге берген, оның тұлғалық қалыптасуына үлес қосқан ұстазға алғыс пен құрмет сезімін білдіру.






