3 - қыркүйек күні мектеп-интернатымызда 2025 - 2026 оқу жылының оқу-тәрбие жоспарына сәйкес, мектеп - интернаттың 7 - 11 сынып білім алушы ұлдарының қатысуымен “Ұл - ұлт қорғаны” тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа: Мектеп - интернат директоры - Б.Т.Канайбекова; Мектеп-интернат директорының ТІЖО - А.Ж.Маханбетова; Мектеп-интернаттың психологы - Г.Қ.Жәдігер; Мектеп - интернаттың әлеуметтік педагогы - Б.Исаев; Мектеп-интернаттың “Жігер” ұлдар клубының жаңа жетекшісі - О.Т.Жұмабеков қатысты. Жиналыс барысында: 1. Мектеп - интернаттың “Жігер” ұлдар клубының төрағасы сайланды; 2. Мектеп-интернаттың 2025 - 2026 оқу жылына арналған жоспармен таныстырылды; 3. 7 - сыныпқа келген оқушыларға ішкі-тәртіп ережесі таныстырылды; 4. Өмір қауіпсіздігі, буллинг болдырмау мәселесі және басқа да маңызды мәселелер қарастырылды.
https://shardara-3mektepint.edu.kz/kz/zhanaly-tar/217-l-lt-or-any.html#sigFreeId9406c727e9






